
Аудан әкімінің міндеттерін уақытша атқарушы М.Шайжанов Қоскөл ауылдық округінің активіне жаңадан сайланған әкімді таныстырды. Қаратөбе аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 19 мамырдағы №10 шешіміне сәйкес Қоскөл ауылдық округінің әкімі лауазымына Мусағалиев Әділет Хайратұлы сайланды.
Мусағалиев Әділет Хайратұлы 1987 жылғы 17 қарашада Қоскөл ауылында дүниеге келген. 2005 жылы Егіндікөл жалпы орта мектебін тәмамдаған. 2005-2009 жылдары Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде, ал 2011-2013 жылдары Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінде «Тарих» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2013-2015 жылдары Қоскөл жалпы орта мектебінде мұғалім болып бастаған. 2015-2018 жылдары Егіндікөл жалпы орта білім беретін мектебінде тарих пәнінің мұғалімі қызметін атқарды. 2018-2019 жылдары Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болды. 2019-2021 жылдары Соналы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры, 2021-2022 жылдары Егіндікөл жалпы орта білім беретін мектебінің директоры қызметтерін атқарды.
2022 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қоскөл ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келді.
Отбасылы, екі қыз тәрбиелеп отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1224338?lang=ru

Жауап қалдыру