
Энергетика министрлігі мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттерін арттыру мақсатында тұрақты негізде біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырады. Жоспарлы оқытумен қатар, қызметкерлер функционалдық бағыттарына сәйкес қосымша мамандандырылған оқу бағдарламаларынан өтеді.
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы өкілдерінің бастамасымен министрліктің мемлекеттік қызметшілерімен кездесуі өтті. Іс-шара барысында Академияның Дипломатия институты директорының орынбасары, PhD докторы К. Шерьязданова, Басқару институты директорының орынбасары, PhD докторы А. Мұқышева, академиялық бағдарламалар қызметінің бас сарапшысы Қ. Абаханова магистратура және докторантура бағдарламаларына қабылдау тәртібі мен оқу шарттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қызметкерлердің білім деңгейін жүйелі түрде арттыру мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін күшейтуге және кәсіби әлеуетті дамытуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1224350?lang=ru

Жауап қалдыру