
Полиция қызметкерлері азаматтарды алаяқтық қылмыстарынан, әсіресе интернет-алаяқтардың арбауынан қорғау мақсатында кең ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Сарыағаш ауданының учаскелік және криминалдық полиция қызметкерлері ауылдық елді мекендерді, мешіттерді, базарлар мен дәріханаларды аралап, тұрғындарға 1000 дана ескерту жадынамасын таратты.
Шара барысында әсіресе егде жастағы азаматтарға ерекше назар аударылып, интернет-алаяқтардың қолданатын айла-тәсілдері мен одан сақтану жолдары жан-жақты түсіндірілді.
Тәртіп сақшылары тұрғындарды күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеуге, жеке деректерін бөгде адамдарға бермеуге және ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеруге шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1224544?lang=ru

Жауап қалдыру