Мас жүргізушілер: Талдықорғанда бір тәулікте екі жүргізуші ұсталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Талдықорған қаласында патрульдеу барысында полиция қызметкерлері көлік құралын мас күйде басқарудың екі фактісін анықтады.

Атап айтқанда, Желтоқсан көшесінде солтүстік бағытта қозғалып келе жатқан Mitsubishi автокөлігі тоқтатылды. Көлікті 1991 жылы туған азамат басқарған. Тексеру барысында жүргізушіден алкогольдік масаңдық белгілері анықталды.

Сонымен қатар, Талдықорған қаласының Мүшелтой шағынауданында Toyota маркалы автокөлік тоқтатылды. Көлікті 2006 жылы туған азамат басқарған. Оның да алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Екі жағдайда да жүргізушілер медициналық куәландырудан өткізіліп, нәтижесінде олардың алкогольдік мас күйде болғаны расталды.

Аталған фактілер бойынша әкімшілік материалдар толтырылып, көлік құралдары мамандандырылған айып тұрағына қойылды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, көлік құралын мас күйде басқарғаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жыл басынан бері облыс аумағында көлік құралын мас күйде басқарудың 184 фактісі тіркелді. Осылайша, полиция қызметкерлері ондаған ықтимал жол-көлік оқиғасының алдын алып, адам өмірін сақтап қалды.

Құрметті тұрғындар! Полиция жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, мас күйде көлік тізгініне отырмауға шақырады. Мас жүргізуші — тек өзіне ғана емес, айналасындағыларға да үлкен қауіп.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1224543?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді