
Бүгін Алакөл ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Жайық Тазабекұлының Алакөл ауданы әкімінің аппараты, аудандық бөлімдер және қала және ауылдық округтері әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерімен кездесуі өтті.
Кездесуге Алакөл ауданы әкімінің аппаратының басшысы Дамир Сатыбалдиев төрағалық етті.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әлеуетін арттырудағы Мемлекеттік басқару академиясының рөлі, сондай-ақ магистратура және докторантура білім беру бағдарламаларына қабылдау ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Іс-шараға аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдіктерінің мамандары, белсенді жастар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Кездесу аясында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1223591?lang=ru

Жауап қалдыру