
🌱 Табиғатқа қамқорлық – болашаққа деген жанашырлықтан басталады.
Бүгін Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы өңіріміздегі жаңа экосаябақтың іргетасын қалау рәсіміне қатысып, ағаш отырғызу жұмыстарына белсенді түрде атсалысты.
Бұл бастама республикалық Таза Қазақстан экологиялық акциясы аясында жүзеге асырылып, қоршаған ортаны қорғау, туған жердің табиғатын сақтау және жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев: «Қарағанды – талай буынның табанды еңбегінің арқасында өсіп-өркендеген, өзіндік мінезі бар, рухы мықты жандардың мекені. Сондықтан өңіріміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру – ортақ міндет. Ал бүгінгі саябақтың ашылуы – өмір сүру сапасын жақсартуға жасалған маңызды қадам. Бүгін отырғызылған әрбір көшет – болашақ ұрпаққа деген қамқорлықтың белгісі», – деп атап өтті.
Осындай игі бастамалар туған жеріміздің көркеюіне, экологиялық мәдениеттің қалыптасуына және жасыл болашақтың дамуына үлкен серпін береді.
Сарыарқа жастары – әр бастамада бірлік, әр қадамда жауапкершілік!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-zhastar/press/news/details/1223576?lang=ru

Жауап қалдыру