ШҚО ЖЕҢІЛ АТЛЕТІ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 19–21 мамыр аралығында Шымкент қаласында жеңіл атлетикадан U16 жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Еліміздің түкпір-түкпірінен ең үздік жас спортшылар жиналған республикалық біріншілікте Шығыс Қазақстан облысының құрамасы кезекті жүлдеге қол жеткізді.

Сайыс қорытындысы бойынша Серебрянск қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі, қазіргі уақытта Риддер қаласындағы спорт интернатында білім алып жатқан Захар Чебунин облыс намысын абыроймен қорғады. Ол 1500 метр қашықтыққа жүгіруде жоғары дайындық пен төзімділік танытып, мәре сызығын үшінші болып қиды және құрметті қола жүлдені иеленді.

Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы жас жеңіл атлетті және оның бапкерлер құрамын жоғары спорттық нәтижемен құттықтайды. Захарға алдағы уақытта да кәсіби шеберлігін шыңдай түсіп, республикалық және халықаралық ареналарда жаңа белестерді бағындыруды, толағай табыстарға жете беруді тілейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1224329?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді