ШҚО БАЛУАНДАРЫ ЕРКІН КҮРЕСТЕН ҚР КУБОГІНДЕ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДЫ ИЕЛЕНДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 16–17 мамыр күндері Алматы қаласында еркін күрестен ересектер арасында Қазақстан Республикасының Кубогы өтті. Еліміздің 20 өңірінен 329 кілем шебері жиналған дүбірлі додада Шығыс Қазақстан облысының спортшылары жоғары дайындық пен жеңіске деген қажымас қайрат көрсетті.

Тартысты белдесулердің қорытындысы бойынша ШҚО құрамасының қоржыны алтын және күміс медальдармен толықты. 86 кг салмақ дәрежесінде бақ сынаған Азамат Дәулетбеков барлық қарсыластарынан үстем түсіп, турнирдің жеңімпазы атанды. Ал 97 кг салмақта ел намысын қорғаған Нұрдәулет Бекенов боз кілемде тұғырлы өнер көрсетіп, Қазақстан Республикасы Кубогінің күміс жүлдесін иеленді.

Спортшыларды жарысқа жоғары деңгейде дайындаған білікті жаттықтырушы-оқытушылар — Асқар Ерболұлы мен Қуаныш Дәуітұлы Қабдықалықов. Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы балуандарды және бапкерлер құрамын осынау жарқын жетістігімен құттықтайды. Жерлестерімізге алдағы уақытта да халықаралық және республикалық ареналарда толағай табыстар, жаңа спорттық биіктер мен үздік нәтижелер тілейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1224334?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді