
Кездесу барысында Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Г. Шорбасова сөз сөйлеп, адам папилломасы вирусының алдын алудың маңыздылығы, вакцинацияның тиімділігі мен қауіпсіздігі, екпе жүргізу тәртібі және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ қатысушыларға АПВ-ға қарсы вакцинацияның жатыр мойны обырының және өзге де аурулардың алдын алудағы рөлі түсіндіріліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Аталған іс-шара өңірде профилактикалық екпелердің қолжетімділігін арттыруға және тұрғындардың денсаулығын нығайтуға бағытталған жұмыстар аясында ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1224518?lang=ru

Жауап қалдыру