Табиғат аясында тіл оқыту лагері ашылады!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен ересектерді тілдік ортаға бейімдеп оқытуға негізделген тілдік лагерь 15 маусым өз жұмысын бастайды.

10 күндік тіл оқыту лагері маусымның 15-24 аралығында Бұқар жырау ауданы, Үштөбе ауылы, “Baiterek Resort” демалыс орнында қызметін жүргізеді.Лагерьге басқарма тарапынан ұйымдастырылған тіл оқыту курстарының үздік тыңдаушылары, жалпы саны 20 адам жолдама алып, табиғат аясындағы демалыс пен тіл меңгеру ілімін игереді, қазақша сөздік қорын молайтады.

Мемлекеттік тілді үйрету бағытындағы лагерьдің басты мақсаты — тілдік ортаға ену әдісі арқылы қазақ тілінің грамматикасы мен ауызекі сөйлеу дағдыларын сапалы, тез әрі нәтижелі меңгерту. Сонымен қатар, қатысушылар қазақ халқының салт-дәстүрі мен тарихи-мәдени құндылықтарымен кеңінен танысады. Оқыту бағдарламасында тарихи орындарға экскурсия, ұлттық ойындар ойнау, ұлттық тағамдар дайындау, табиғат аясында тіл үйрену әдіс-тәсілдерін меңгеру қарастырылған.

Айта кетейік, басқарма ұйымдастыруымен ересектерге арналған тіл оқыту лагері 2024 жылы өз жұмысын бастады. Былтырғы нәтижесі көпшіліктің көңілінен шығып, жаз маусымында тілдік лагерь қазақ тілін оқытудың тиімді үлгісі болғалы отыр.

Жоба аясында қатысушылар тек қазақ тілінде қарым-қатынас жасап, тіл үйренудегі психологиялық кедергілерді еңсеріп, ортаға тез бейімделіп, мемлекеттік тілді жеңіл әрі сенімді меңгереді деп күтілуде.

#қарағандытілдердідамытубасқармасы #тілдіклагерьқарағанды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1224307?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді