Кезектен тыс 36-сессия

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыстық мәслихаттың 36-шы кезектен тыс сессиясында бес мәселе қаралды.

Солтүстік Қазақстан облысының 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қаржы басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижанов қосымша кірістер есебінен ағымдағы жылдың бюджет шығыстарын ұлғайту, содан кейін оларды нақты шығыстарға жіберу туралы ұсыныспен баяндама жасады.

Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілді.

Орын алған кадрлық тағайындауларға байланысты облыс әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың дербес құрамдарына тиісті өзгерістер енгізілді.

Сессияда қаралған барлық мәселелер алдын ала тұрақты комиссиялардың бірлескен отырыстарында жан-жақты талқылаудан өтті.

Сессия жұмысының нәтижелері бойынша күн тәртібінің барлық тармақтары бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/skomaslihat/press/news/details/1224342?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді