Ресейлік қонақ тәртіп сақшыларына жедел көмегі үшін алғыс білдірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

      

     Ресейлік қонақ тәртіп сақшыларына жедел көмегі үшін алғыс білдірді.

   Ресей Федерациясының азаматы Павлодар қаласының полицейлеріне жедел әрі тиімді көмегі үшін алғысын жеткізді.18 мамырда “102” пультіне Новосібір қаласының тұрғыны Наиль Кималиденовтен қоңырау түскен. Павлодар қаласына сапармен келген азамат өз автокөлігінің жоғалғанын хабарлаған.

     Азаматтың айтуынша, ол көлігін белгісіз аумақта қалдырып, шаруасымен кеткен. Алайда кері оралған кезде автокөлігін таба алмаған.

     Оқиға бойынша Павлодар қалалық полиция басқармасының патрульдік экипаждары дереу жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары қала аумағын жедел аралап, жақын маңдағы аулаларды тексеру нәтижесінде көлікті қысқа уақыт ішінде көрші аумақтан тапты. Кейін анықталғандай, азамат көлігін нақты қай жерге қойғанын ұмытып қалған.

     Ресейлік қонақ полиция қызметкерлерінің жедел әрекеті мен жанашырлығына ризашылығын білдірді.

    — Павлодар полициясының қызметкерлеріне жедел әрекеті мен бейжай қарамағандары үшін үлкен алғыс айтамын. Бөтен қалада қиын жағдайға тап болдым, алайда олар маған дер кезінде көмек көрсетті, — деді Наиль Кималиденов. Өз кезегінде тәртіп сақшылары қала тұрғындары мен қонақтарына әрдайым көмек көрсетуге дайын екендерін атап өтті.

 

     

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/migration/press/news/details/1224286?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді