Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Сауд Арабиясында келіссөздер жүргізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Рияд, 2026 жылғы 19 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Сауд Арабиясына жасаған жұмыс сапары аясында Корольдіктің Сыртқы істер министрінің халықаралық көпжақты қатынастар жөніндегі орынбасары Абдурахман әр-Рассимен келіссөздер өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы, сондай-ақ «Орталық Азия – Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» форматындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара қолдауды жалғастыруға дайын екендіктерін растады. Сонымен қатар, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге бағытталған бастамаларды ілгерілету маңыздылығы атап өтілді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге өзара мүдделілік білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1224251?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді