
ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫСЫ ҚЫЗМЕТІМЕН АЙНАЛЫСУҒА ҮМІТКЕР АДАМДАРДЫ АТТЕСТАТТАУДАН ӨТКІЗУ ТАҚЫРЫБЫНДА ОНЛАЙН СЕМИНАР ӨТТІ
🔸 Департаменттің жеке сот орындаушыларының қызметін бақылау саласындағы мамандарының ұйымдастыруымен «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің қағидалары тақырыбында Zoom платформасы арқылы онлайн семинар-кеңес өткізілді.
🔸 Іс-шара барысында үміткерлерді аттестаттаудан өткізу тәртібі, құжаттарды қабылдау мерзімдері және мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптары жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға заң аясында нақты жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1224870?lang=ru

Жауап қалдыру