
Ақтау қаласында самбо күресінен өткен Азия чемпионатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкері полиция майоры Алмат Тайбағаров ел мерейін үстем етіп, Азия чемпионы атанды. Халықаралық додада жоғары шеберлік пен қайсарлық танытқан жерлесіміз Сыр өңірінің абыройын асқақтатты. Халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғаған жерлесіміздің бұл жеңісі — қажырлы еңбек пен табандылықтың нәтижесі. Алмат Тайбағаровтың жетістігі полиция қызметкерлерінің спортта да биік белестерді бағындырып жүргенін дәлелдейді. Алдағы уақытта қызылордалық полицейлер халықаралық және республикалық жарыстарда намысты қолдан бермей, Көк туымызды көкте желбіретіп, еліміздің мерейін үстем ететініне сенеміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1224874?lang=ru

Жауап қалдыру