Халық Қаһарманы Айдын Айымбетов  СҚО-ға келді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Халық Қаһарманы, қазақ ғарышкері, генерал-майор Айдын Айымбетовпен кездесті. Кездесу барысында патриоттық тәрбиені дамыту, дарынды жастарды қолдау, сондай-ақ жас ұрпақтың ғылым мен білімге деген қызығушылығын арттыру мәселелері талқыланды.

«Айдын Айымбетовтің ерлігі мен өмір жолы – Отанға адалдықтың, жігер мен биік мақсатқа ұмтылыстың жарқын үлгісі. Мұндай тұлғалар жастарды тәрбиелеуде және ел болашағы үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыруда ерекше рөл атқарады», – деді өңір басшысы.

Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында Айдын Айымбетов өңіріміздің студенттерімен және жастарымен кездесті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1224991?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді