
20 мамырда «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-де Қостанай облысындағы жоғары оқу орындарының студенттері мен колледж оқушыларының қатысуымен Ашық есік күні өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар басқарманың негізгі қызмет бағыттарымен, құрылыс, сәулет және қала құрылысы салаларында жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты, сондай-ақ өндірістік тәжірибеден өту және болашақ кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.
Басқарма мамандары мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері туралы айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, саладағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Осындай іс-шаралар жастардың құрылыс және сәулет саласындағы мамандықтарға қызығушылығын арттыруға және болашақ мамандардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-saulet/press/news/details/1224989?lang=ru

Жауап қалдыру