
Талғар ауданының прокуратурасы «Қайрат» индустриялық аймағында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға, бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасауға және инвестициялық қызметті қолдауға бағытталған инвесторлармен және бизнес-қоғамдастық өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Іс-шараға аудан прокуратурасының, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ аудан аумағында инвестициялық жобаларды іске асырып жатқан компаниялардың өкілдері қатысты.
Кездесу барысында инвестициялық ахуалды жақсарту, әкімшілік кедергілерді азайту, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және инвесторлардың заңды құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Кездесуге қатысушылар ашық форматта өздерін қызықтырған сұрақтарды талқылауға, жобаларды іске асыру барысында туындайтын өзекті мәселелерді көтеруге, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары мен мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тетіктері бойынша қажетті түсіндірмелер алуға мүмкіндік алды.
Талғар ауданының прокуратурасында кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасау және инвесторлардың құқықтарын қорғау жұмыстың басым бағыттарының бірі екені атап өтілді. Сонымен қатар бизнес-қоғамдастықпен ашық диалог орнатуға және туындайтын мәселелерге жедел ден қоюға ерекше назар аударылатыны айтылды.
Кездесу қорытындысы бойынша өзекті мәселелерді жедел шешуге және инвестициялық жобаларды тиімді іске асыру үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/1224983?lang=ru

Жауап қалдыру