«WorldSkills Astana-2026»: Астанада кәсіби шеберлік чемпионаты өтіп жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордада XI қалалық «WorldSkills Astana-2026» кәсіби шеберлік чемпионаты өтіп жатыр. Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және техникалық-кәсіптік білім беру саласындағы үздік тәжірибелерді насихаттауға бағытталған ауқымды шара 15 мамыр күні салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Биылғы чемпионатқа 55 құзыреттілік бойынша 347 қатысушы бақ сынауда. Сонымен қатар жарыстың әділ әрі сапалы өтуін қамтамасыз ету мақсатында 291 сарапшы тартылған.

2026 жылғы 20 мамырдағы мәліметке сәйкес, қатысушылар бүгінгі күнге дейін 31 құзыреттілік бойынша жарыс тапсырмаларын аяқтады.

Қаланың 17 алаңында және әлеуметтік серіктестер базасында түрлі бағыттар бойынша үздіктер анықталуда. Атап айтқанда, веб-технологиялар, мобильді қосымшаларды әзірлеу, желілік және жүйелік әкімшілендіру, ақпараттық қауіпсіздік, бизнестегі IT шешімдер, АКТ желілерінің инфрақұрылымы, мехатроника, мобильді робототехника, өнеркәсіптік автоматика, электроника, дәнекерлеу технологиялары, СББ станоктарындағы токарлық және фрезерлік жұмыстар, зертханалық және химиялық талдау, кірпіш қалау, сантехника және жылыту, құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары, плиткамен қаптау, электрмонтаждау, әрлеу және сәндік жұмыстар, графикалық дизайн, сән технологиялары, компьютерлік ойындарды 3D модельдеу, жеңіл автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету, ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану, аспаз және кондитерлік іс, шаштараз өнері, наубайхана ісі, прототиптеу, мейрамхана қызметі, бастауыш сыныптарда оқыту, шанақ жөндеу, ағаш шеберлігі, кәсіпкерлік, E-mobility, қонақүй әкімшілігі, флористика, мобилография, мектепке дейінгі білім беру, бейнемонтаж, бұлттық бағдарламалау, электровозды басқару, теміржол көлігіндегі тасымалдау процесін басқару, Industry 4.0, ландшафтық дизайн және интернет-маркетинг бағыттары қамтылған.

Сонымен қатар WorldSkills Astana-2026 аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар колледж студенттері арасында кәсіби шеберлік бойынша «Abilympics» және «DeafSkills» чемпионаттары, сондай-ақ елордалық мектеп оқушылары арасында «Jasskills» чемпионаты ұйымдастырылуда.

Қалалық чемпионат жеңімпаздары осы жылдың күзінде өтетін «WorldSkills Kazakhstan-2026» республикалық чемпионатында Астана намысын қорғайды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі және чемпионаттың жабылу салтанаты 2026 жылғы 26 мамыр күні өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1224979?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді