
🏥 Тоғыз ауылында облыс әкімі қайтарылған активтер есебінен салынған жаңа медициналық пунктті көрді. Жобаның жалпы құны 142,2 млн теңге.
🩺 Медициналық пункт бір ауысымда 25 адамды қабылдауға қауқарлы. Мұнда медбике, санитар және электрик қызмет атқарады.
✨ Тоғыз ауылының тұрғындары жаңа медициналық пунктке дән риза. Медициналық нысан алғашқы көмек көрсетуге қажетті барлық құрал-жабдықтармен қамтылған.
«Халықты сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Әсіресе шалғай ауылдар үшін мұндай нысандар тұрғындардың денсаулығы мен өмір сапасына тікелей әсер етеді»,
– деп атап өтті Асхат Шахаров.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-togyz/press/news/details/1224937?lang=ru

Жауап қалдыру