
Қазақстанда контейнерлік тасымалдардың оң динамикасы сақталуда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша контейнерлермен жүк тасымалы көлемі 2024 жылғы 2115 мың ЖФЭ-ден 2025 жылы 2203 мың ЖФЭ-ге дейін өсті. Осы кезеңде контейнерлендіру деңгейі 6,7%-дан 8%-ға дейін ұлғайды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Өсім 2026 жылы да жалғасуда. 2026 жылғы қаңтар–сәуір айларында контейнерлік тасымал көлемі 742 мың ЖФЭ-ні құрады, ал 2025 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 709 мың ЖФЭ болған. Контейнерлендіру деңгейі 8,2%-дан 8,5%-ға дейін өсті.
Өсім экспорттық, импорттық және әсіресе транзиттік контейнерлік тасымалдардың артуы есебінен қамтамасыз етілді. Бұл заманауи логистикалық форматтардың дамуын және Қазақстанның транзиттік әлеуетінің нығаюын көрсетеді.
2025 жылғы 8 қыркүйектегі Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында контейнерлік және мультимодальды тасымалдарды дамыту жөніндегі бағдарламалық құжатты қабылдау жоспарлануда.
Құжат терминалдық инфрақұрылымды дамыту, цифрлық сервистерді кеңейту, кедендік және технологиялық рәсімдерді жеңілдету, сондай-ақ контейнерлік операцияларды басқарудың бірыңғай жүйесін құру жөніндегі шараларды қамтиды.
Аталған шараларды іске асыру жүк контейнерлендіру үлесін арттыруға, логистика тиімділігін көтеруге және Қазақстанның өңірдегі негізгі көлік-логистикалық хаб ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-nadezhdin/press/news/details/1225041?lang=ru

Жауап қалдыру