Мәдениет пен өнер – ұлт рухының айнасы!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті мәдениет пен өнер қызметкерлері!

Сіздерді шын жүректен құттықтаймын мерекелеріңізбен!

Мәдениет – ұлттың жаны, рухтың үні, тарихтың мәңгілік шежіресі. Ал сол асыл қазынаны сақтап, халық жүрегіне жеткізіп жүрген сіздер – руханияттың шырақшыларысыздар.

Сахна мен өнер арқылы жүрекке жылу сыйлап, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, ұлт рухын асқақтатып келесіздер. Сіздердің табанды еңбектеріңіз бен шығармашылық ізденістеріңіз қоғамның мәдени келбетін қалыптастырып, жас ұрпақтың рухани тәрбиесіне жол ашуда.

Өнерлеріңіз өрге жүзіп, шабыттарыңыз шалқи берсін! Әрбір еңбектеріңіз ел ықыласына бөленіп, мәдениетіміздің мәртебесі биіктей берсін!

Ізгі ниетпен,
Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Гүлнар Тойлыбаева.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1225032?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді