
2026 жылғы 20 мамырда Түркістан қалалық санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары «Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ қызметкерлеріне «Оба ауруы: клиникалық белгілері, эпидемиологиясы және алдын алу шаралары» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шара барысында мамандар оба ауруының эпидемиологиялық ерекшеліктері, жұғу жолдары, клиникалық белгілері және оның алдын алу шаралары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру, инфекциялық аурулардың алдын алу, сондай-ақ халықтың санитариялық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды. Семинар барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасып, практикалық ұсыныстар алды. Өткізілген іс-шара жұқпалы аурулардың алдын алу саласындағы білім деңгейін арттыруға және кәсіби дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1225022?lang=ru

Жауап қалдыру