
🔶2026 жылдың 20 мамыр күні Қалалық мәслихаттың экономика, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік сала және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы отырысы өтті.
🔶 Комиссия отырысына Қызылорда облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Қордабай Нұрғали Рахымшаұлы қатысты. Баяндама барысында 2025 жылға арналған ауылдық округтер бюджетінің кірістері мен шығыстары бойынша параметрлері толық көлемде орындалғандығын. Жалпы кірістері бойынша бюджеттің атқарылуы 100 пайыздан кем болмағандығын. Кейбір салықтар бойынша, жыл басында да, жыл көлемінде де болжамдалмаған, алайда түсімдер болғандығына тоқталды.
🔶 Комиссия отырысында Тексеру комиссиясының мүшесі Н.Р. Қордабай аудиторлық іс-шараға байланысты біршама ұсыныс-пікірлерін білдіріп, сұрақтарға жауап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomkyzylorda/press/news/details/1224992?lang=ru

Жауап қалдыру