
Халықаралық музейлер күніне орай Алматы облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен музей қызметкерлеріне арналған салтанатты шара өтті.
Іс-шара барысында Алматы облысы ПД бастығының атынан музей саласы өкілдеріне құттықтау жолданып, Алғыс хаттар табысталды. Құттықтауда музейлердің тарихи мұраны сақтау, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу және ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі маңызды рөлі атап өтілді.
Сонымен қатар, мерекелік жиын аясында ұйымдастырылған «Ұлы дала шеберлері» халықаралық фестивалі өтті. Іс-шара белгілі этнограф-ғалым, қолөнер шебері Дәркембай Шоқпарұлының 80 жылдық мерейтойына арналды.
Шараға Алматы облысы ПД аппараты мен Қонаев қаласы полиция басқармасының 40 жас маманы қатысты.
Алматы облысы Полиция департаменті музей қызметкерлеріне шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1225069?lang=ru

Жауап қалдыру