
Білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы 2026 жылғы 23 ақпан мен 22 мамыр аралығында «Үздік интерактивті сабақ» педагогикалық идеялар облыстық интернет-фестивалін өткізді.
Конкурстың мақсаты: интерактивті білім беру әдістерін қолданатын педагогтердің кәсіби шеберліктерін жетілдіру, белсенді және дарынды мұғалімдердің үздік іс-тәжірибелерін жинақтау және тарату, оларға қолдау көрсету.
Конкурсқа облыстың білім беру мекемелерінен 291 жұмыс ұсынылды (Павлодар қаласынан – 77 жұмыс, Екібастұз қаласынан – 21, Ақсу қаласынан – 14, Ақтоғай ауданынан – 8, Баянауыл ауданынан – 6, Железин ауданынан – 16, Ертіс ауданынан – 9, Май ауданынан – 15, Павлодар ауданынан -13, Аққулы ауданынан – 3, Тереңкөл ауданынан – 8, Успен ауданынан – 3, Шарбақты ауданынан – 17, мамандандырылған мектептерден – 24, ТжКББ – 57). Ақтық кезеңде 144 жұмыс қарастырылды.
Жеңімпаздар білім беру басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
Фестиваль қорытындысы білім беру басқармасының (https://surl.lu/hktitk) және ОАТО ( https://surl.li/ukdhyy ) сайттарында жарияланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1225064?lang=ru

Жауап қалдыру