Аудан әкімі халықпен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

20 мамыр күні Теректі ауылдық округінде аудан әкімі А. Абдиновтың халықпен кездесуі өтті. Кездесуге ауыл тұрғындары, мекеме басшылары және округ әкімдігі қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында аудан әкімі аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарлар туралы баяндады. Сонымен қатар ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым, жол, абаттандыру, ауыл шаруашылығы және тұрғындарды толғандырған өзге де мәселелер талқыланды.

Ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Аудан әкімі көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер беріп, бірқатар сұрақтардың бақылауға алынатынын атап өтті.

Осындай кездесулер халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, ауылдың өзекті мәселелерін бірлесіп шешуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-terekti/press/news/details/1225062?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді