
Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері, аға лейтенант Жарылқасын Ерсұлтанның қатысуымен Кардиохирургиялық «Жүрек» орталығы қызметкерлеріне жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібі бойынша арнайы қауіпсіздік сабағы ұйымдастырылды. Сабақ барысында қатысушыларға жер сілкінісі кезінде адам өмірін сақтауға бағытталған «Қарапайым 10 қадам» ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар қызметкерлерге қауіпсіз әрекет ету жолдары, эвакуация тәртібі, қауіпсіз аймақтарды анықтау және төтенше жағдай кезінде сабыр сақтаудың маңыздылығы айтылды. Сондай-ақ мамандар «Дабыл сөмкесінің» маңызы мен оның ішінде болуы тиіс қажетті заттар туралы ақпарат берді.
Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1225095?lang=ru

Жауап қалдыру