ҚХР-дағы ҚР Елшісі Гонконг Әкімшілігінің Басшысымен оның ҚР-ға жұмыс сапары қарсаңында кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Гонконг, 2026 жылғы 21 мамыр Ағымдағы жылдың 1-3 маусымына жоспарланған Гонконг басшысының Қазақстанға тарихтағы алғашқы жұмыс сапары қарсаңында Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышев Қытай Халық Республикасының Гонконг Арнайы әкімшілік ауданы Әкімшілігінің Басшысы Джон Лимен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар делегацияның Астанаға сапарының мазмұнды бағдарламасының дайындығын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерімен кездесулерді талқылады.

Сондай-ақ, алдағы сапар аясында Гонконг пен құрлықтық Қытайдың
60-тан астам жетекші компаниялары мен қаржы институттарынан тұратын ірі бизнес-делегацияның қатысуымен бизнес-форум өткізу жоспарлануда. Оның барысында сауда-экономикалық салада 20-дан астам екіжақты құжатқа қол қою, сондай-ақ АХҚО, «Бәйтерек» холдингі және «Самұрық-Қазына» қоры негізінде инвестициялық әлеуетті таныстыру көзделіп отыр.

Келіссөздер барысында тікелей жолаушылар авиақатынасын толыққанды қайта бастау, жүк рейстеріне арналған логистикалық хабтарды дамыту және екіжақты қарым-қатынастардың нормативтік-құқықтық базасын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 

Қытай Халық Республикасының Гонконг Арнайы әкімшілік ауданы әлемдік жетекші қаржы, логистикалық және сауда орталықтарының бірі болып табылады. Жоғары автономияға, жалпы құқық негізіндегі жеке құқықтық және экономикалық жүйеге ие бұл мегаполис құрлықтық Қытай капиталын жаһандық нарықпен байланыстыратын Азия-Тынық мұхиты аймағының негізгі инвестициялық хабы ретінде әрекет етеді. Гонконг сонымен қатар жоғары технологиялар мен жасыл қаржы секторын белсенді дамыта отырып, «Бір белдеу, бір жол» бастамасын іске асыруда құрлықтық Қытай мен шет елдер арасындағы стратегиялық супер-коннектор рөлін атқарады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beijing/press/news/details/1225190?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді