Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды.
Отырыс жұмысына Ақмола облыстық мәслихатының депутаты – экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Қойшыбаев Марат Советұлы, Ақмола облысы әкімдігі Ішкі аудит қызметінің бас инспекторы – мемлекеттік аудиторы Каримов Р.Р., Ақмола облысы қаржы басқармасының басшысы, сондай-ақ облыс аудандарының экономика және қаржы бөлімдерінің басшылары қатысты.
Аудит қорытындысы бойынша бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті жасау барысында бірқатар бұзушылықтар анықталды, олар:
– қаржылық есептіліктің ұқсас баптарын жолма-жол қате қосу салдарынан дұрыс емес деректердің көрсетілуі;
– шоғырландырылатын мекемелердің қаржылық есептілікті уақытылы ұсынбауы салдарынан расталмаған деректердің көрсетілуі;
– бухгалтерлік есеп деректері мен қаржылық есептілік арасындағы сәйкессіздіктер;
– актив ретінде танылуға жататын шығындарды операциялық шығыстарға есептен шығару.
Мемлекеттік аудит объектілеріне және өзге де мүдделі тұлғаларға аудиторлық қорытынды мен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар жолданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akmol-revkom/press/news/details/1225203?lang=ru

Жауап қалдыру