Тұрақты комиссияның көпшілік тыңдауы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Қонаев қаласы мәслихатының бюджет, қаржы және өңірдің экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдауы өтті.
 
Көпшілік тыңдау барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес коммуналдық меншік нысандарының жекешелендіруге жататын тізбесін айқындау мәселесі қаралды. Отырысқа Қонаев қаласы мәслихатының депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.
 
Тыңдау қорытындысы бойынша ұсынылған мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті ұсынымдар қабылданды. Қабылданған шешімдер белгіленген тәртіппен әрі қарай қарау үшін уәкілетті органдарға жолданатын болады.
 
Қонаев қаласы мәслихаты алдағы уақытта да ашықтық, жариялылық және заңдылық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қала дамуына қатысты маңызды мәселелерді тұрақты түрде қарауды жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-qonaev/press/news/details/1225199?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді