
Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!
Мәдениет – ұлттың асыл қазынасы, халықтың болмысы мен тарихын айшықтайтын баға жетпес құндылық. Ал өнер – ел рухын асқақтатып, жас ұрпақтың бойына ұлттық тәрбие мен тағылымды сіңіретін ұлы күш. Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің арқасында халқымыздың рухани әлемі байып, төл өнеріміздің мерейі үстем болуда.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық шабыт пен толағай табыс тілеймін!
Ізгі ниетпен,
аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1225165?lang=ru

Жауап қалдыру