Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жария талқылаулар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жыл сайын «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 6-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет есептерін жария талқылау жүргізіледі. мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылау жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін ұдайы жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарының іске асырылуын қамтамасыз етуге арналған.

Жария талқылаулар 20.03.2025 ж. бастап 24.04.2025 ж. дейін өткізілетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-nezhin/press/news/details/1225138?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді