Мемлекет басшысының 08.09.2025ж. Қазақстан халқына Жолдауында жүктеген тапсырмасын орындау шеңберінде, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлескен «Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан «Жалған ардагерлерді» анықтау жөніндегі іс-қимылдар жоспары бекітілді.
Бекітілген жоспардағы тапсырмаларды орындау мақсатында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департамент басшысының 25.11.2025ж. №58-НҚ бұйрығымен өңірлік деңгейде комиссия құрылды.
Комиссия құрамына Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің, Қызылорда облысы бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаментінің және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының қызмеркерлері енгізілді.
Комиссия құрамымен 2025ж. желтоқсан айы мен 2026ж. сәуір айлары аралығында облыс бойынша 1775 ардагер ретінде төлем алушылардың (691-ҰОС қатысушыларына теңестірілген ардагерлер, 1084-Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлер) ардагер мәртебесін анықтау барысында іс-құжаттарына тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру нәтижесі бойынша, 1775 ардагер ретінде төлем алушылардың ардагер мәртебесі расталып, комиссия құрамымен жасалған АКТ-лер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіне жолданды.
|
№ |
Төлем алушылар |
ҰОС қат.теңест. адамдар |
Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлер
|
||||
|
Ауған |
Тәжік-Ауған |
Таулы Қарабақ |
Ирак
|
|
|||
|
1 |
1775 |
691 |
477 |
322 |
281 |
4 |
|
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1225208?lang=ru

Жауап қалдыру