
2026 жылғы 19 мамырда онлайн форматта Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыста адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер қаралды.
Отырыс барысында қатысушылар бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылған тергеу изоляторында отырған және сотталушылардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына қатысты проблемалық мәселелерді талқылады. Сондай-ақ Абай облысында тергеу изоляторын салу перспективаларына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар өңірлік Сараптамалық кеңесі мүшелерінің санын көбейту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Отырыстың қорытындысы бойынша өңірде адам құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру мақсатындағы алдағы өзара іс-қимыл мен бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары айқындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-abay-oblysy/press/news/details/1225209?lang=ru

Жауап қалдыру