
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері жөніндегі комитетінің жобасы аясында, дін істері жөніндегі басқарманың қолдауымен Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері (РАТТ) ағымдағы жылдың 12 – 18 мамыры аралығында Қостанай облысы тұрғындарының түрлі нысаналы топтары арасында атаулы профилактикалық жұмыстарын өткізіп кетті.
Түсіндіру жұмыстарымен Арқалық қаласы, Қарасу, Науырзым және Федоров аудандары қамтылды.
Кездесулер деструктивті діни ағымдар идеологиясына қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру бойынша бөлінген орталар/тәуекел топтар (жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, маргиналдар, аз қамтылғандар, жаттықтырушылар, спортшылар, ауыл тұрғындары, жастар) арасында «Зайырлылық және зайырлы мемлекет: ұғымы, мәні және белгілері», «Дін экстремизм мен терроризм ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер», «Деструктивті идеологияға қарсы төтеп беру дағдылары маңыздылығы», «Террористік, діни-экстремистік және деструктивті іс-әрекеттерге барудың қауіптілігі» тақырыптары аясында өткізілді.
Өткізілген іс-шаралар халықтың діни-құқықтық сауаттылығын арттыруға, деструктивті және радикалды діни идеологияға тұрақты иммунитетті қалыптастыруға ықпал ететін болады.
РАТТ іс-шараларымен жалпы 500-ден астам қатысушы қамтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-din/press/news/details/1225120?lang=ru

Жауап қалдыру