Тарих пен дәстүрді насихаттауға бағытталған «Ұлы дала» этно-квесті ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

20 қазан 2025 жылы Тарбағатай аудандық сайлау комиссиясы жанына құрылған «Жас сайлаушылар» клубының мүшелері, ауыл жастары және жас ұстаздардың қатысуымен тарих пен дәстүрді насихаттауға бағытталған «Ұлы дала» этно-квесті қызықты форматта ұйымдастырылды. Шара барысында қатысушылар:
– «Фильмді тап!»
– «Этно Асхана»
– «Мәңгілік алау» /Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай/
– «Абай-дана, Абай-дара қазақта!»
– «Шын & Өтірік»
– Иә/ Жоқ
– «Шатасқан әріптер»
– «Сөзжұмбақ» бекеттерінің қызықты тапсырмаларын ыждаһаттылықпен орындап, өз білімдерін, шапшаңдықтары мен тапқырлықтарын сынады.
Квест барысында 8 аялдама (бекет) ұйымдастырылып, әрқайсысында тақырыпқа сай қамтылған тапсырмалар берілді.
Шараға белсенді қатысқан жастар мен оқушылар ұлттық құндылықтарды тануға қызығушылық танытып, топпен жұмыс істеудің маңызын сезінді. Қатысушылар дипломдармен марапатталды. Осындай игі шараны өткізуге ат салысқан Ақжар орталық кітапханасына алғыс білдіреміз!
Бұл квест – тарих пен бүгінгі күннің арасын жалғаған алтын көпір…

 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-tarbagatay/press/news/details/1225281?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді