
Ағымдағы жылдың 21 мамырында Облыстық психикалық денсаулық орталығының клиникалық психологы Маржан Боранбаевна Аязбаеваның басшылығымен Ақтөбе облысы жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы, сондай-ақ Жұмылдыру дайындығын, аумақтық және азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету қызметінің қызметкерлерімен семинар-кеңес өтті.
Кездесу аясында салауатты өмір салтының (СӨС) келесі негізгі аспектілері талқыланды:
– Зиянды әдеттерден бас тарту: темекі шегу, алкогольді және есірткі препараттарын пайдалану;
– Дұрыс тамақтану: теңгерімді және ұтымды рацион принциптері;
– Салауатты ұйқы: демалыс режимін сақтаудың маңыздылығы;
– Дене белсенділігі: денсаулық негізі ретінде тұрақты жүктемелер;
– Психикалық денсаулық: күйзеліспен (стресспен) күресудің тиімді әдістері.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mpz/press/news/details/1225280?lang=ru

Жауап қалдыру