Маңғыстау облысы бойынша МКД басқармасының басшысы Амал Мырзалиев – самбодан Азияның қола жүлдегері

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтауда ерлер арасында самбодан Азия және Океания чемпионаты өтті. Турнир 14-тен астам елден 300-ге жуық мықты спортшыларды жинады.

Амал Мырзалыұлы Мырзалиев 71 келі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды.

Амал Мырзалиев мемлекеттік қызметті үлкен спортпен сәтті ұштастырады: ол Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Берешектермен жұмыс жасау басқармасының басшысы қызметін атқарады. Оның нәтижесі – жұмыста да, татамиде де жоғары мақсаттарға жетуге деген ұмтылыстың, тәртіптің және шеберліктің жарқын мысалы.

Департамент басшысы Арман Нұрланұлы Ахметқалиев Амал Мырзалыұлын еңбек сіңірген наградасымен құттықтап, жаңа спорттық жетістіктер мен жемісті жұмыс тіледі.

Амал Мырзалиұлын Азия қоласымен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1225277?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді