🎨 Graffiti Battle «Заң аумағы» республикалық фестивалі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🎨 Graffiti Battle «Заң аумағы» республикалық фестивалі Өскемен қаласындағы «Самал» саябағында «Заң және тәртіп» идеологиясын насихаттауға бағытталған Graffiti Battle «Заң аумағы» республикалық фестивалі өз бастауын алды. Фестиваль аясында граффити сайыстары қаланың бірнеше локациясында ұйымдастырылып, жас суретшілер көше өнері арқылы өздерінің шығармашылық идеялары мен азаматтық ұстанымдарын ұсынады. Іс-шараға қоғам белсенділері, спортшылар және арнайы қонақтар қатысты. Фестивальдің басты мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру, «Заң және тәртіп» қағидаттарын дәріптеу, сондай-ақ көше өнері арқылы жастардың шығармашылық әлеуетін қолдау. Бұл – заң мен тәртіп құндылықтарын насихаттаудың жаңа форматы, шығармашылық пен азаматтық белсенділіктің тоғысқан алаңы. Жас суретшілерге сәттілік, шабыт және жарқын жеңістер тілейміз! 🔥

https://www.instagram.com/reel/DYjY8Dmq2GX

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha-shemonaiha/press/news/details/1225296?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді