1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне 110 жыл толуына орай «Азаттыққа бастар рухты күрес» атты тарихи-танымдық сағаты өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне 110 жыл толуына орай «Азаттыққа бастар рухты күрес» атты тарихи-танымдық сағаты өтті. Шарада елдің азаттыққа деген ұмтылысын, әділетсіздікке қарсы рухын айқын көрсеткен ең маңызды әрі ауыр кезеңдердің бірі ол – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.

Ел тарихын білу – болашақты бағалау мақсатында ұйымдастырылған шарада ұлт-азаттық көтерілістің шығу себептері, тарихи маңызы туралы №30 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Д.Идрисова мағлұмат берді. Сондай-ақ «1916 жылғы көтеріліс-еркіндік жолындағы шайқас» атты видеоролик көрсетіліп, «Қазақ даласындағы азаттық күрес» атты кітап көрмесі таныстырылды.

Шара барысында тарихтан тағылым алып, тапқырлығы мен білімін ұштастырған оқырмандар сұрақ-жауап айдарына белсене қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Қатысушылар көтеріліс тарихына қатысты сауалдарға жауап беріп, тарихи деректермен бөлісті. Танымдық кеш жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын арттырып, ел тарихына деген қызығушылығын оятуға бағытталды.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1225312?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді