
Атбасар ауданының прокуратурасы аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері және аудан тұрғындары үшін Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2026 жылғы 18 мамырдағы №79 нормативтік қаулысын түсіндіру жұмысын жүргізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға аталған нормативтік қаулының негізгі ережелері жан-жақты түсіндіріліп, оны мемлекеттік органдардың практикалық қызметінде қолдану тәртібі қарастырылды.
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар қызметінде конституциялық қағидаттарды сақтау және заңнаманы біркелкі қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1225371?lang=ru

Жауап қалдыру