Қазақстан өкілдері Еуропа Кеңесі алаңында қылмыстық істер бойынша халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Страсбург, 2026 жылғы 20 мамыр – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілдері Қылмыстық істер бойынша ынтымақтастық жөніндегі еуропалық конвенцияларды қолдану мәселелері жөніндегі сарапшылар Комитетінің (PC-OC) 89-пленарлық отырысына қатысты.

Қазақстандық делегация құқықтық көмек көрсету саласындағы еліміздің халықаралық ынтымақтастығы, Қазақстанда жүргізіліп жатқан ұлттық құқықтық жүйені жаңғырту үдерістері, сондай-ақ Еуропа Кеңесімен сындарлы өзара іс-қимыл туралы жан-жақты ақпарат ұсынды.

Отырыс барысында қатысушылар қылмыстық-құқықтық саладағы халықаралық ынтымақтастық тетіктерін жетілдірудің өзекті мәселелерін, оның ішінде мемлекеттердің құзыретті органдары арасындағы практикалық өзара іс-қимыл нысандарын дамыту мәселелерін талқылады.

Қазақстан тарапы қылмыстық сот төрелігі саласында еуропалық серіктестермен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, озық тәжірибе алмасуға және халықаралық өзара іс-қимылдың шарттық-құқықтық базасын дамытуға бейілдігін растады.

Комитет қызметіне қатысу Қазақстанның заң үстемдігін нығайту, заңнамалық базаны одан әрі жетілдіру және халықаралық стандарттарға сәйкес құқықтық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі дәйекті жұмысының маңызды элементі ретінде қарастырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1225354?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді