
Үстіміздегі жылдың 15 мамырында облыс орталығындағы жоғары оқу орындарында ұйымдастырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатыстым. Атап айтқанда, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті мен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде өткізілген бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысып, ағымдағы жылы оқуын аяқтағалы отырған түлектермен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында аудан бойынша мемлекеттік қызметтегі бос лауазымдар бойынша ақпараттық-ұсыныстар берілді. Аталған іс-шара дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар түлектермен пікір алмасылып, тиісті келіссөздер жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1225397?lang=ru

Жауап қалдыру