Аборт: денсаулыққа төнетін қауіптер мен ықтимал асқынулар

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Аборт — әйел ағзасына елеулі әсер ететін медициналық араласу. Асқынулар қаупі жүктілік мерзімі ұзарған сайын, қайталанған аборттар кезінде және құралдық әдістер қолданылған жағдайда арта түседі.
Асқынулар әр кезеңде байқалуы мүмкін: процедурадан кейін бірден, алғашқы ай ішінде немесе ұзақ уақыт өткен соң. Ең қауіптілері — қабыну үдерістері (перитонит, сепсис), ұрпақ өрбіту қызметінің бұзылыстары, соның ішінде бедеулік, сондай-ақ психоэмоциялық жай-күйдің өзгерістері.
Негізгі алаңдататын белгілер:
* дене қызуының көтерілуі;
* іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну;
* қалыптан тыс (қанды немесе іріңді) бөлінділер;
* жалпы жағдайдың нашарлауы.
Аталған белгілер байқалған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.
Асқынулардың алдын алу үшін:
* сенімді контрацепция әдістерін қолдану;
* процедурадан кейін жеке бас гигиенасын сақтау;
* дәрігерге уақытылы қаралу;
* несеп-жыныс жүйесі ауруларының алдын алу және дер кезінде емдеу.
Денсаулыққа жауапкершілікпен қарау және медициналық сауаттылық — әйелдің репродуктивтік саулығын сақтаудың басты кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1225571?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді