
Биыл Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы құрылғанына 30 жыл толуын атап өтуде. Осы жылдар ішінде ЖАП еліміздегі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесінің қалыптасуы мен дамуына, мемлекеттік қаражаттың ашық әрі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге зор үлес қосты.
Мерейтой аясында ЖАП тарапынан түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Солардың бірі — әр өңірдегі Тексеру комиссиялары қызметкерлерінің басын қосқан Республикалық спартакиада.
Ағымдағы жылдың 15–16 мамыр күндері Шығыс Қазақстан облысында Республикалық спартакиаданың өңіраралық кезеңі өтті.
Шығыс өңірі бойынша өткен спорттық жарыстарға еліміздің төрт облысынан — Абай және Жетісу облыстары, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының командалары қатысты. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, командалық бірлікті және жеңіске деген ұмтылысты көрсетті.
Абай облысының командасы өз өңірін лайықты таныстырып, спорттың бірнеше түрінен жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Жарыста Абай облысы бойынша тексеру комиссясының командасы волейболдан 2-орынды, ал шағын футболдан 3-орынды иеленді.
Әсіресе Байзақов Т.Д. ерекше көзге түсіп, шахмат турнирінде жүлделі 1-орынды жеңіп алды.
Командаларды лайықты өнер көрсетулерімен және жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта спортта да, кәсіби қызметте де жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomabay/press/news/details/1225558?lang=ru

Жауап қалдыру