Саяжайдағы шақырылмаған “қонақтар”

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар қаласында саяжай маусымы басталып, саяжай иелерін бұрынғыдан да мүліктері мен өнімдерінің сақталуы алаңдатып отыр. Саяжай үйлерінен су құбырларына арналған металл құбырлар мен су сақтайтын ыдыстар, техника мен құрал-саймандар ұрланып, сондай-ақ бағбандар мен бақша иелері өсірген өнімдер де қолды болуда.

– Мәселен, «Нефтяник» саяжай қоғамдастығындағы үйлердің бірінде белгісіз адам «Honor» маркалы ұялы телефонды ұрлап кеткен. Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол – 30 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Жаслан Танжанов.

Ал басқа бір саяжай учаскесінің иелері металл құбырлардың жоғалғаны туралы полицияға хабарлаған. Қазіргі таңда ұрлыққа қатысы бар адамдарды анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Құрметті саяжай иелері! Полиция қызметкерлері тұрғындарға саяжайларда бағалы заттарды қалдырмауға, сенімді құлыптарды пайдалануға және қандай да бір құқық бұзушылықтар орын алған жағдайда дереу «102» арнасына хабарласуға кеңес береді.

Егер сіз бөтен мүліктің ұрлануының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, бірден «102» нөміріне немесе «Police 102» мобильді қосымшасы арқылы полицияға хабарласыңыз. Тергеу-жедел тобы келгенше оқиға орнынан кетпеңіз. Егер ұрымен бетпе-бет кездесіп қалсаңыз, қарсыласуға тырыспаңыз. Ең бастысы – өміріңіз бен денсаулығыңыздың қауіпсіздігі. Ал егер қылмыскер оқиға орнынан қашып кетсе, оның түр-түсін және қай бағытқа кеткенін есте сақтап, полиция қызметкерлеріне хабарлаңыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1225544?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді