
17 мамыр – Байланыс қызметкерлері күніне орай “Telecommunications day conference” конференциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері, байланыс операторлары мен сала мамандары қатысты. Конференция аясында байланыс саласының дамуы мен цифрлық технологиялардың өзекті бағыттары бойынша баяндамалар оқылып, телекоммуникация инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, байланыс саласының дамуына үлес қосқан бірқатар мамандар марапатталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-informatization/press/news/details/1225530?lang=kk

Жауап қалдыру