Мәдениет және өнер саласының қызметкерлері күнімен!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесімен қалалық мәслихат депутаттарының атынан шын жүректен құттықтаймыз!

Мәдениет пен өнер – ұлт руханиятының алтын қазығы, ел болмысының айнасы. Халықтың рухани байлығын сақтап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуде сіздердің еңбектеріңіз зор. Сіздер өнер мен мәдениет арқылы ұрпақ санасына ізгілік пен парасат дәнін сеуіп, ел бірлігі мен рухани дамуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер.

Осы салада янбай еңбек етіп жүрген барша мамандарға алғысымызды білдіреміз.  Сіздерге шығармашылық табыстар, толағай жетістіктер, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз!

Еліміздің мәдениеті мен өнері өркендей берсін!

 

Құрметпен,  Қалалық мәслихат депутаттары.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/1225518?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді