
14 мамырда Қарағанды облысы бойынша Ревизиялық комиссия мүшесі Бектурова М.Х. қатысуымен бюджет, экономика, кәсіпкерлік, әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша тұрақты комиссияның отырысы өтті. Комиссия жұмысына қала әкімінің орынбасарлары, Ақтас кентінің әкімі, полиция бөлімінің өкілі, Қоғамдық кеңестің төрағасы, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары қатысты.
Отырыс барысында 2025 жылғы қала бюджеті мен Ақтас кенті бюджетінің орындалуы мәселелері қаралды. Докладшылар бюджет қаражатын жұмсаудың негізгі бағыттары, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру туралы ақпарат ұсынды. Қала мен Ақтас кенті бюджеттерінің орындалуы бойынша қорытындымен облыстың Ревизиялық комиссиясының мүшесі Бектурова М.Х. шықты. Қарастыру нәтижесінде негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер оң динамиканы сақтап қалғаны, ал бюджеттің шығындар бөлігінің орындалуы 99,5% құрағаны атап өтілді. Сонымен бірге бюджетті орындау барысында жоспарлау сапасы, бюджет қаражатын тиімді пайдалану және жекелеген жобаларды іске асыруға байланысты бірқатар мәселелер анықталғаны, бұл бюджет қаражатын пайдаланудың нәтижелілігіне және бірқатар мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуге әсер еткені айтылды.
Отырысқа қатысушылар қала мен кент бюджеттерінің орындалуын талдауға, салық салынатын базаны кеңейту мәселелеріне және 2026 жылғы қала бюджетіне салық түсімдерінің түсу болжамына жеке назар аударды. Бюджеттің табыс бөлігін арттыру, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, сондай-ақ салықты әкімшілеудің тиімділігін арттыру бойынша шаралар талқыланды.
Отырыс барысында депутаттар бюджет қаражатын осыған дейін пайдалану, тоқтатылған инвестициялық жобаларды жалғастыру, мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша бюджет қаражатын қайтару, сондай-ақ бюджет табысын арттыру және салық берешегін төмендету бойынша қабылданатын шараларға қатысты нақтылау сұрақтар қойды. Көтерілген барлық мәселелер бойынша жауапты басшылар тиісті түсініктемелер берді.
Отырыс нәтижесінде депутаттар әрі қарайғы жұмыс үшін ұсыныстар әзірледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-saran/press/news/details/1225612?lang=ru

Жауап қалдыру